Атырауда тәртіп сақшылары 5 мыңға жуық көлікке жол бастап жүрді

Атырауда тәртіп сақшылары 5 мыңға жуық көлікке жол бастап жүрді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2026 14:10 Сурет: Zakon.kz
14-17 қаңтар аралығында республикалық маңызы бар Атырау — Орал және Атырау — Астрахань тасжолдарында жолдың тайғақтығы мен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол бойында жиналған 5 мыңға жуық көлікке патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол көрсетті.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

"Құрметті көлік жүргізушілері! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздікті бірінші орынға қоюды сұраймыз. Жол — қателікті кешірмейді", - деді полиция қызметкерлері.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: