ЖИ, EdTech және тәжірибе: Алматыда жастар мен ұстаздар EDUFEST-те бас қосты
Сурет: ұйымдастырушылар
EDUFEST-2026 конференциясының мақсаты қандай
EDUFEST биыл педагогтер, оқытушылар және басқарушы командалар үшін кәсіби алаң құруға бағытталды. Мұнда цифрлық дәуірде білім беруді трансформациялау бойынша практикалық шешімдер талқыланып қана қоймай, нақты көрсетіледі. Оқытуға жасанды интеллект пен EdTech құралдарын енгізу, "Мектеп – колледж – ЖОО" білім беру экожүйесі мен серіктестігін дамыту, оқыту сапасын және адам капиталын дамыту деңгейін көтеру үшін тәжірибе алмасу арқылы білім беру ұйымдарына жұмыс істейтін тәсілдерді ұсыну, тиімді модельдерді тарату және өзгерістерді жүйелі түрде іске асыруға жол ашу көзделеді.

Сурет: ұйымдастырушылар
NNEF өкілі Мария Ковжасарова ЖИ мұғалімді алмастырмай, педагогтің жұмысын күшейтетінін айтты. ҚБТУ-дан Сәбит Сұлтанов университеттің мектеп –ЖОО – үздіксіз оқытуды біріктіретін ашық алаң екенін атап өтті. MIRAS директоры Ирина Власянц мұғалімнің рөлі шешуші болып қала беретінін, ал ЖИ – сабаққа көмектесетін құрал екенін жеткізді. Ал Марина Үмбеталиева мектепке дейінгі білімде технология баламен жанды қарым-қатынасты толықтыруға тиіс екенін айтты.

Сурет: ұйымдастырушылар
ЖИ, EdTech, big data және білімге тең
қолжетімділік
EDUFEST-2026 бағдарламасы білім беру технологиялары мен цифрлық педагогиканы, оқытудағы жасанды интеллектіні, үздіксіз білім беру мен жеке траекторияларды, инклюзия және білімге қол жеткізу теңдігін, soft skills пен эмоционал интеллектіні, білім беру экожүйелері мен хабтарын, сондай-ақ, бағалау мен big data мүмкіндіктерін қамтыды.

Сурет: ұйымдастырушылар
Іс-шара мазмұны жетекші сарапшылардың keynote-баяндамалары, EdTalks форматындағы панельдік пікірталастар, интерактив және сессиялар арқылы ашылды. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған практикалық бөлікте EdTech кейстері мен демозоналар, VR/AR көрсетілімдері және EduDebate форматындағы студенттік дебаттар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, шара NNEF Қоғамдық қоры, ҚБТУ және MIRAS халықаралық мектептерінің ұйымдастыруымен өтті.