Тоқаев 2026 жыл Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды жыл болатындығын айтты

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 15:10 Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында 2026 жыл Қазақстанның келешегіне тікелей ықпал ететін аса маңызды жыл болатындығын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы президент жақында "Turkistan" газетіне берген сұхбатында да атап өткен болатын.

"Еліміз ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Алдағы парламенттік реформа осы өзгерістердің өзегі болатыны анық. Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл аса маңызды мәселе қоғамда кеңінен талқыланды. Мен былтыр 8 қазанда Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойдым. Оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді",- деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, елдік іске бей-жай қарамайтын басқа да азаматтарымыздың бұл талқылауға қатысуы өте маңызды.

"Сондықтан e-Otinish платформасы мен Egov порталында "Парламенттік реформа" деген арнайы бөлім ашылды. Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өздерінің ой-пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, зерделеп, парламенттік реформаны барлық жағынан қарастырды, өте маңызды жұмыс атқарды. Бұл бағыттағы шаруаның бәрін өзім тікелей бақылауда ұстадым". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл ретте, ол былтыр қазан айының ортасында Жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізгенін атап өтті.

"Желтоқсанның 2-сі және 29-ы күндері тағы екі жиын болды. Жаңа жылдан бері Жұмыс тобының мүшелері 3 рет бас қосты. Соңғы отырыс күні кеше ғана Құрылтай қарсаңында өтті. Бір сөзбен, конституциялық реформа туралы қызу талқылаулар жарты жылға жуық уақыт бойы жүріп жатыр".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін мемлекет басшысы жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: