Қазақстандық көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, ең жоғары қауіпсіздік мекемесіне қамалды: неліктен
Фото: Zakon.kz
Рудный қалалық соты мас күйде көлік ұрлап, оны тізгіндеп, жылдамдықты асырып, полицияның тоқтау жөніндегі талаптарына бағынбай, жол апатын ұйымдастырған азаматқа үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 5 қазанда сотталушы алкогольдік масаң күйде Рудный қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің автотұрағында "ВАЗ" маркалы автокөліктің салонына заңсыз кіріп, тұтандырғыш құлпының сымдарын жұлып, оларды өзара тұйықтау арқылы көліктің қозғалтқышын іске қосқан, содан кейін қала ішінде қозғалысты бастаған.
"Сол күні көлік құралын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде болған азамат көлікті басқара алмай, үш тұрақта тұрған автокөлікпен және жарық бағанымен соқтығысып, материалдық залал келтірген",- деп мәлімдеді сот.
Кейінірек, шамамен сағат 04:00-де азамат Қостанай қаласына бағыт алған.
"Полиция қызметкерлерінің тоқтау жөніндегі заңды талаптарына бағынбай, жол қозғалысы қағидаларын бұзып, жылдамдықты арттырып, бағдаршам сигналдарын елемей, Абай және Лермонтов көшелерінің қиылысында жол қоршауына соғылған. Нәтижесінде жәбірленушіге тиесілі "ВАЗ 2144-110-32" автокөлігіне зақым келтіріп, материалдық шығын келтірген". Рудный қалалық соты
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.
"Сот сотталушының жеке басын, жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін, сондай-ақ істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырумен, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады",- делінген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript