Астанада сауда орталықтарын робот-иттер күзетеді

Астанада сауда орталықтарын робот-иттер күзетеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 13:34 Сурет: pixabay
Астанада қоғамдық орындарда роботтандырылған патрульдік кешен қолданылады. Астана қаласының ПД баспасөз қызметі жаңа қызметкер жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, робот-ит елорданың көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады.

"Нақты уақыт режиміндегі бейнебақылау полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген. Бұл технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында пайдаланылады". Астана қаласының ПД баспасөз қызметі

Бұл ретте, қызметтік иттер де шет қалмады, олардың құқық қорғау органдарына тигізер пайдасы орасан зор. Мәселен, кинолог мамандар қызметтік иттердің көмегімен 70 келіге жуық есірткі затын анықтап, тәркіледі. Бұдан бөлек, тонау, ұрлық, қарақшылық фактілерінің жедел ашылуына да ықпал етіп жүр.

Бұған дейін Павлодар облысында жыл басынан бері 20-дан астам есірткі қылмысы анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: