Қазақстанда мұнай, газ және көмір қоры қанша жылға жетеді

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжілістегі жиын барысында жаңа жылу электр станциялары (ЖЭС) болашақта отынсыз қалу қаупі бар ма екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 15:47 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжілістегі жиын барысында жаңа жылу электр станциялары (ЖЭС) болашақта отынсыз қалу қаупі бар ма екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр жаңа қуат көздері көмір мен газдан қалыспайтынын мәлімдеді.

"Мұндай қауіп бізде жоқ. Көмір қорымыз – 33,6 млрд тонна, жыл сайын 120 млн тонна көмір өндіріледі. Сондықтан, президент айтқандай, біздің көмір қоры 300 жылға жетеді. Ал мұнай мен газ қоры шамамен 40 жылға жеткілікті", – деді Ерлан Ақкенжанов.

2025 жылғы 5 қарашада Мәжіліс депутаттары көмірсутек және уран саласында пайдалы қазбаларды пайдалану тәртібін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" заң жобасын мақұлдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: