Коррекциялық кабинеттер мен аутизм орталықтарына қолдау күшейеді

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 12:54 Фото: pexels
Мемлекет басшысы төртінші Ұлттық құрылтайда ерекше қажеттілігі бар балаларға оңалту орталықтарын ашу туралы тапсырма берген болатын. Енді "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы аясында коррекциялық кабинеттер мен аутизм орталықтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде шамамен 3 мың арнайы педагог жетіспейді.

Министрлік кадр тапшылығын шешу мақсатында арнайы гранттар санын арттыру және инклюзивті білім беру бағдарламасын тәмамдаған студенттерді кадр ретінде тарту шараларын қабылдауда, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандардың айтуынша, ауыл-аймақтарда осындай орталықтарды ашу аса қажет. Әр баланы оның ата-анасынан артық ешкім түсінбейді, сондықтан ата-аналарды педагог-ассистент ретінде даярлау да қарастырылған.

Қазіргі таңда түзету орталықтарында 6 мыңнан астам бала кезекте тұр.

Жаңа жүйе арқылы қызметке тіркелу жеңілдейді, арнайы ұйымдардың қызметі лицензияланып, көрсетілетін қызметтердің сапасы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі. Заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: