Қазақстанда цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу енгізіледі

Биткоины, биткоин, криптовалюта, криптовалюты, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 09:24 Фото: unsplash
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді ұстаушыларды есепке алу жүйесінде тіркеу, аталған мәмілелер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар мен цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдері жүйесінде көрсету, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктері, оларды растау шарттары мен тәртібі, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайтын қағидалар жобасын дайындады.

Құжатта мынадай тәртіптер мен шарттар белгіленеді:

  • цифрлық активтер платформасы операторының есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу;
  • мұндай мәмілелер туралы мәліметтерді орталық депозитарийдің тізілімдер жүйесінде көрсету;
  • цифрлық активтер платформасы операторы мен орталық депозитарийдің цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тәртібі;
  • цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау;
  • цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтар кепілін тіркеу.

Жоба 2026 жылғы 16 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауға шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: