–20°С-қа дейінгі сары аяз бен жылымық: Астана, Алматы және Шымкентте алдағы күндері ауа райы қандай болады

Астана, Астана зимой, виды города Астаны, зима в Астане, зимой в Астане, зимняя Астана, заморозки в Астане, мороз в Астане, снег в Астане, похолодание в Астане, снегопад в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 16:57 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазгидромет" РМК мамандары 4, 5 және 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сүйенсек, Астанада жауын-шашын түсіп, аяз –20°С-қа дейін күшейеді, Алматыда қар мен жаңбыр жауып, ауа температурасы +10°С шамасында болады, ал Шымкентте жаңбыр жауып, күн +17°С-қа дейін жылынады.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 4 ақпан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –18…–20°С, күндіз –3…–5°С.
  • 5 ақпан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Жел – оңтүстіктен 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде –4…–6°С, күндіз –1…+1°С.
  • 6 ақпан: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы –1…+1°С шамасында

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 4 ақпан: Ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Жел – солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –1…+1°С, күндіз +6…+8°С.
  • 5 ақпан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел – шығыстан соғады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°С, күндіз +8…+10°С.
  • 6 ақпан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел – батыстан, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 4 ақпан: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +15…+17°С.
  • 5 ақпан: Ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел – оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +15…+17°С.
  • 6 ақпан: Ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Жел – оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +2…+4°С.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: