Әлемнің 50 үздік мұғалімінің қатарына енген Алматы ұстазы Дубайға барды

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Геннадьевна Белоусова әлемнің үздік мұғалімі анықталатын байқау өтіп жатқан Дубай қаласында жүр., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 09:13 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Геннадьевна Белоусова әлемнің үздік мұғалімі анықталатын байқау өтіп жатқан Дубай қаласында жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24kz" телеарнасының хабарлауынша, жеңімпазға 1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі. Жеңімпаздың есімі бүгін, 4 ақпанда жарияланады.

"Менің мұғалім ретіндегі миссиям тек өз мектебім мен сыныбымның шеңберімен шектелмейді, ол халықаралық деңгейдегі мойындауға ұласады. Әлемнің 50 үздік мұғалімінің қатарына енуім — менің еңбегімнің маңызды әрі заңды нәтижесі", – деді қазақстандық ұстаз.

Сондай-ақ ол өзін еліміздің Президенті құттықтағанын ерекше маңызды, жүрекке жылы, толқытарлық жағдай ретінде бағалайтынын атап өтті.

Бұған дейін біз оның Global Teacher Prize халықаралық байқауында қалай биік нәтижеге қол жеткізгені туралы жан-жақты баяндаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: