Қазақстанның басым бөлігінде 5 қаңтарда қар аралас жаңбыр жауатыны болжанады

Жаңбыр, қар, жауын-шашын, 5 ақпан, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 19:16 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 5 ақпан, бейсенбіге арналған ауа райының жалпы болжамымен бөлісті. Оған сәйкес, кейбір өңірді табиғаттың тосын сыйы күтіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар белсенді оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды жүйелердің жылжып өтуіне байланысты республикамыздың көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталатынын нақтылайды.

"Жауын-шашын болады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте тоқтаусыз қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Тек еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа боран, тұман, көктайғақ жатқызылады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздегі ірі үш қала бойынша 5-7 ақпанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: