"Қатты аяз болады". Астанада, Алматыда және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: freepik
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда 5 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Түнде және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15–20 м/с. Жезқазғанда 5 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Ақмола облысында ауа температурасы түнде -17...-22 градус, облыстың батысында - 25 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді.
Астанада 5 ақпанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 5 ақпанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
5-6 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болып, шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде және күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 5 ақпанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 5 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде және күндіз 7-12 градус, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 градус аяз болады, 6 ақпанда түнде сынап бағаны 23-28 градусқа дейін, тіпті одан әрі төмендейді. Ақтөбеде 5 ақпанда ауа температурасы түнде және күндіз 15-17 градус суықты көрсетеді, 6 ақпанда түнде 23-25 градус қатты аяз болады деп болжанады.
Қостанай облысында қар жауып, бұрқасындатады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 5 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жарма ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 5 ақпанда кей уақытта тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 5 ақпанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 5 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда 5 ақпанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаевта 5 ақпанда түнде және таңертең тұман болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Бұған дейін синоптиктер еліміздегі ірі үш қала бойынша 5-7 ақпанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.