Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қосымша каникулға қашан шығады
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан мектептерінде ең ұзақ әрі күрделі үшінші тоқсан басталды. Ол 10 оқу аптасынан тұрады. Оқу жүктемесін азайту мақсатында бірінші сынып оқушылары үшін қосымша каникул қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші сынып оқушылары 2026 жылғы 9–15 ақпан аралығында (7 күнтізбелік күн) демалады. 16 ақпанда олар қайтадан сабаққа оралып, оқу жылын жалпы кесте бойынша жалғастырады.
Көктемгі каникулдың ұзақтығы 11 күнтізбелік күнді құрайды — 2026 жылғы 19–29 наурыз аралығы (қоса алғанда).
Оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бұған дейін Қазақстан тұрғындары eGov mobile мобильді қосымшасындағы деректерді қызу талқылаған болатын. Қосымшада кейбір балалардың тегін үйірмелерге қатысып жүргені туралы мәліметтер көрсетілгені айтылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript