Банктік қызметтер алу кезінде биометриялық аутентификациядан өту тәртібі өзгереді
Фото: freepik
Ұлттық банктің қаулы жобасымен төлемдер және төлем қызметтері мәселелері бойынша қолданыстағы бірқатар қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, құжатта:
- электрондық ақша иелерін жеңілдетілген сәйкестендіруді алып тастау;
- банктер электрондық банктік қызметтер көрсету барысында, мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін ескере отырып, Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы биометриялық аутентификацияны қолдану тәртібін бекіту;
- дербес деректерді қорғау және электрондық қызметтердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды нақтылау қарастырылған.
- Ұлттық банктің мәліметінше, төлем қызметтерін көрсететін үшінші тарап провайдерлерінің Ұлттық банктің ашық банкинг жүйесі арқылы электрондық банктік қызмет көрсету тәртібін регламенттеу жүйе қатысушылары мен ашық банкинг операторы арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық айқындығын қамтамасыз етеді.
Жоба электрондық банктік және төлем қызметтерінің қауіпсіздігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ биометриялық аутентификация мен ашық банкингті дамытуға бағытталған.
Құжат 20 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауына ұсынылды
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript