Қазақстанда валюталық операцияларды жүзеге асыру ережелері өзгерді
Құжатта былай делінген:
"Уәкілетті банк Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген валюталық операциялар туралы есепті Ұлттық Банктің орталық аппаратына есепті кезеңнен кейінгі айдың 18 (он сегізінші) күніне дейін (қоса алғанда) ай сайын ұсынады".
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есепте валюталық операциялар, оның ішінде клиенттің тапсырмасы бойынша жүргізілген:
- сомасы баламасында елу мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар және осындай операцияның сомасына қарамастан, клиенттің тапсырмасы бойынша шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар (заңды тұлғалар үшін);
- сомасы баламасында он мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын операциялар және клиенттің тапсырмасы бойынша сомасы баламасында бір мың АҚШ долларына тең немесе одан асатын шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алу және (немесе) сату бойынша операциялар (жеке тұлғалар үшін) қамтылады.
Жүргізілген валюталық операциялар туралы есепте жүргізу валютасы АҚШ долларынан өзгешеленетін валюталық операция бойынша ақпаратты көрсету мақсаты үшін осындай валюталық операция сомасының баламасы оның жүргізілген күні валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.
Қаулының көрсетілген нормалары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.