6 ақпанда Қазақстанда қандай жолдар жабылды
Фото: Zakon.kz
6 ақпан күні таңертең бірнеше автожолда қозғалысқа шектеу енгізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті "ҚазАвтоЖол" АҚ сілтеме жасап, республикалық маңызы бар алты автожол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылғанын мәлімдеді:
- "Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау" (51–101 км, Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті);
- "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" (788–906 км, Топар кенті – Ұлытау облысының шекарасы);
- "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" (970–1135 км, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы);
- "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc" (17–217 км, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы);
- "Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы" (248–592 км, Атамекен кенті – Балқаш қаласы);
- "Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы" (164–198 км, Теміртау қаласының ақылы жол төлем бекеті – Қарағанды қаласы).
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын ескеріп, барынша сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты үнемі қадағалап отыруға кеңес берді.
Сонымен қатар, жол қозғалысына қатысушыларға аса қажеттілік болмаса, елді мекендерден тыс жерге шықпау және жолға шықпау ұсынылады.
"Барлық оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы 112 нөміріне хабарлаңыздар", – деп өтінді өңірлік ТЖД.
6 ақпанда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript