Жол ережесін жиі бұзатындар үшін айыппұл жеңілдіктерін алып тастау ұсынылды
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 ақпанда Сенаттағы арнайы алаңда депутат Марат Қожаев кейбір автокөлік жүргізушілерін жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың жартысын төлеу мүмкіндігінен айыруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Марат Қожаевтың айтуынша, бұл ұсыныс жол ережесін жиі және жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты.
"Мен өткен жылы бұл мәселені көтерген едім – ол үкіметте қаралып, қолдау тапты. Мен жүйелі түрде, жыл ішінде 10 реттен көп жол ережесін бұзатын жүргізушілерді жеңілдіктен айыруды ұсынамын. Яғни 11-ші, 12-ші немесе 13-ші рет бұзған жағдайда толық сомасын төлеуі тиіс. Біз заңдарды пакеттер бойынша қабылдаймыз, ал Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне келесі өзгерістер енгізілгенде мен осы түзетулерді көтеремін", – деді сенатор.
Бұған дейін депутат өз сұранысында бір жүргізушінің жыл ішінде 143 рет жол ережесін бұзып, 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлегенін мысал ретінде келтірген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript