Астанада арнайы көліктер қатысатын жол-көлік оқиғаларын азайту шаралары күшейтілді

Уборка снега, снегоуборочная техника, снегоуборочная машина, снегоуборочные машины, коммунальные службы, коммунальная служба, работники коммунальной службы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 16:09 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы көліктердің жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Астана қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жедел медициналық жәрдем станциясының жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырып, арнайы көліктер қатысқан жол-көлік оқиғаларының талдау нәтижелерін жеткізді. Жүргізушілерге қызметтік міндеттерді орындау кезінде апатты жағдайларға әкелетін себептер мен мән-жайлар түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қолданған кезде де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Жүргізушілерге басымдық беру құралдарын дұрыс пайдалану, жылдамдық режимін сақтау, қиылыстардан өту және тығыз көлік ағыны кезінде маневр жасау тәртібі туралы жеке түсіндірілді. Арнайы сигналдардың болуы жол қауіпсіздігіне жауапкершіліктен босатпайтыны да атап өтілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар арнайы көліктер қатысатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ жедел қызметтердің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Полиция бұл жұмыстарды тұрақты түрде жүргізе беретінін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: