Алматылықтар қар тазалау мәселесі бойынша қайда хабарласа алады

Қар тазалау, Алматы, қала тұрғындары, хабарласу, Open Almaty, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 12:18 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматы әкімдігі Zakon.kz сайтына қар тазалау мәселесі бойынша қала тұрғындары қайда хабарласуға болатынын айтып, түсініктеме берді.

Алматыда коммунальдық қызметтер тәулік бойы қар тазалап жатыр. 6 ақпан күні Алматыда 6 см, ал таулы аймақтарда 10 см қалыңдықта қар жауды.

"Осыған байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. Қар тазалау жұмыстарына 2,2 мың жол саласы жұмысшысы мен 1,3 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Механикаландырылған тазалау жүргізіліп, көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Таулы өңірлерде қар тазалауға арналған үш арнайы колонна жұмыс істеп жатыр". Алматы қаласының әкімдігі

Жұмыс тәулік бойы атқарылып жатыр.

Қар тазалау мәселесі бойынша тұрғындар Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдауы — Open Almaty-ге 1308 нөмірі арқылы немесе Instagram желісіндегі @openalmaty парақшасы арқылы хабарласа алады.

Бұған дейін бүгін елімізде екі қалада ауа сапасы нашарлайтыны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: