Астананың жаңа прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысымен келісім бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Габит Мұқанов Астана қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2026 10:05 Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
Мемлекет басшысымен келісім бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Ғабит Мұқанов Астана қаласының прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 9 ақпанында ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады.

Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы тамыздан Шымкент қаласының прокуроры лауазымында қызмет етті.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен және II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: