Үкімет АЭА мен ИА-дағы инфрақұрылымды 100% қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауда
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов экономиканың қол жеткізілген өсу жылдамдығы инфрақұрылымды озық қарқынмен дамытуды талап ететінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үкіметтің дерегіне сүйенсек, арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53%-ды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48%-ды құрайды.
Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдауда.
"АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды. Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұған дейін Бектенов президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript