Қасым-Жомарт Тоқаев: Конституциялық комиссия құрамында шетел мамандары жоқ

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 11:27 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басқанын мәлімдеп, Конституциялық комиссия жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз.

"Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның маңызды тұстары туралы айтқанымды білесіздер. Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы Комиссия құрамында шетел мамандары жоқ",- деді ол.

Мемлекет басшысы 2025 жылғы қазан айынан бастап азаматтарға Конституция жөнінде өз пікірін білдіруге толық мүмкіндік берілгенін атап өтті.

"Сол уақыттан бері eGov және eOtinish мемлекеттік цифрлық платформалары арқылы бірнеше мың ұсыныс келіп түсті. Комиссия өтініштің бәрін мұқият қарап, қорытып, тиісті түзетулерді әзірледі. Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді. Мұны айтып өту маңызды. Себебі еліміздегі реформалар бұрын-соңды ешқашан дәл осылай жан-жақты талқыланып, тікелей эфир арқылы жұртшылықтың назарына ұсынылмаған",- деді ол.

Тоқаев Қазақстан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" ретінде цифрлық платформаларды кеңінен қолданғанын атап өтті.

"Конституциялық реформаға байланысты азаматтармен байланыс желілері тиімді жұмыс істеді. Соның арқасында шын мәнінде жалпыұлттық ауқымдағы талқылау болды десек, дұрыс болар. Бұл – Әділетті Қазақстан құрылысының айқын көрінісі". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін жиында Бектенов 2026 жылы халықтың нақты табысын арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: