Конституция жобасында Құрылтайды таратуға болмайтын жағдайлар көрсетілді

Конституция жобасында Құрылтайды таратуға болмайтын жағдайлар көрсетілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 17:20 Сурет: Zakon.kz
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов 2026 жылғы 10 ақпанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында елдің Негізгі заңының жобасына енгізу ұсынылған нормалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, ҚР Конституциясы жобасына қатысты азаматтар мен сарапшылардан ұсыныстар әлі де түсіп жатыр.

"Жекелеген нормалар Президенттің Құрылтайды тарату өкілетіне қатысты. Жарияланған Конституция жобасында бұл өкілет Құрылтайды міндетті түрде тарату бөлігінде императивтік нысанда көрсетілген. Оны диспозитивтік нысанға ауыстырып, Президенттің құқығы ретінде беру ұсынылып отыр. Тиісті түзетулер 46-баптың 2, 4, 8-тармақтарына, 57-баптың 1-тармағына және 62-баптың 1 және 2-тармақтарына енгізілді", – деді ол.

Сонымен қатар Негізгі заң жобасында Құрылтайды таратуға шектеулер белгілеу ұсынылады. Атап айтқанда, мына жағдайларда Құрылтай таратылмайды:

  • төтенше жағдай немесе соғыс кезінде;
  • президент өкілеттігінің аяқталуына алты айдан аз уақыт қалса;
  • алдыңғы таратудан кейін бір жыл өтпесе;
  • Конституция жобасының 51-бабында көрсетілген жағдайларда.
"Осы жағдайларда Құрылтайды таратуға болмайды", – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: