Төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін

НПЗ, нефтеперерабатывающий завод, переработка сырой нефти, нефть, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 14:28 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 11 ақпанда Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Мәжіліс кулуарында төртінші мұнай өңдеу зауыты қай жерде салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жанармай тұтыну көлемі артып келе жатқандықтан, жаңа зауыт салу қажеттігі туындап отыр және бұл бағытта тиісті тапсырма берілген.

"Қазіргі уақытта зауытты салудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Оның Ұлытау облысында салыну ықтималдығы бар. Сарапшылар тиісті есептеулер жүргізуде. Техникалық сипаттамалары, қуаты мен нақты орналасатын жері анықталған соң, қосымша ақпарат беріледі", – деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Журналистер зауыт құрылысы қай қаржы есебінен жүзеге асырылатынын сұрағанда, вице-министр бұл мәселе әлі талқыланып жатқанын айтты.

"Бұған дейін Президент инвестиция тарту жөнінде тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда қаржыландыру тетігі мен шешім қабылдау жолдары пысықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, зауыттың жылдық өңдеу қуаты 10 миллион тонна мұнайды құрауы мүмкін. Орналасатын жері мен экономикалық негіздемесі жөнінде қосымша хабарлаймыз", – деп толықтырды ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді: Атырау, Павлодар және Шымкент зауыттары. Олардың жылдық жалпы өңдеу қуаты 17 миллион тоннадан асады. Бұдан бөлек, елде 30-дан астам шағын мұнай өңдеу кәсіпорны бар.

2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай саласындағы күрделі жағдайға назар аударған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: