Рамазан-2026: Қазақстан қалалары бойынша ораза және намаз кестесі жарияланды

Мусульманство, ислам, мусульмане, рамадан, священный месяц, рамазан, Курбан Айт, Курбан-байрам, мусульманский праздник, намаз, молитва в исламе, время намаза, ораза, ураза, мусульманский пост, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 14:44 Фото: freepik
2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан қалалары бойынша ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қалалары бойынша ораза кестесінің күнтізбесін ұсынды.

Сурет: ҚМДБ

Сурет: ҚМДБ

Сурет: ҚМДБ

Басқа қалаларға арналған кестемен ресми ақпарат көздері арқылы танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: