Қазақстанда ата-анасыз балаға паспорт қалай рәсімделеді

Паспорт гражданина РК, документы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 16:06 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаға паспортты ата-анасы болмаған жағдайда оның қорғаншысы немесе қамқоршысы рәсімдейді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мамандар тұрғындардан түскен сұрақтардың біріне жауап берді:

"Бала әлі 16 жасқа толмаған, әрі оның ата-анасы жоқ. Паспорт рәсімдеуге құжаттарды кім тапсыра алады?"

Ата-анасы жоқ, 16 жасқа толмаған балаға паспорт дайындау үшін құжаттарды оның заңды өкілі тапсыра алады.

Заңды өкіл ретінде қорғаншы немесе қамқоршы әрекет етеді", – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгеріп, 4325 теңгені құрады. Соған байланысты мемлекеттік баж салығының мөлшері де жаңартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: