12 ақпанда доллар бағамы өсті

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 15:48 Фото: pexels
2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндік сауда қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың салмақталған орташа бағамы 494,28 теңге болып, 3,22 теңгеге өсті.

Ресей рублі 6,38 теңгеге (+0,02) көтерілді.

Қытай юанінің күндік саудадағы бағамы 71,56 теңге (+0,51) болды.

Ауыстыру пункттерінде доллар 494,2–496,4 теңгеден сатып алынып, сатылуда; еуро – 585,5–590,2 теңге, рубль – 6,36–6,47 теңге аралығында.

Әлемдік мұнай бағасы 12 ақпанда саудада өсті.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,16 долларға көтеріліп, баррельге 69,56 доллар болды.

Нью-Йорктағы NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,21 долларға өсіп, баррельге 64,84 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың бағамын 490,58 теңге, еуроны – 584,77 теңге, рубльді – 6,34 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: