Қазақстанда бірнеше жолда жүк көліктерінің қозғалысы шектелді
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 15 ақпан сағат 18:30-да ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы:
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Жолды 2026 жылғы 16 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript