Қазақстанда 18 ақпанда ауа райы қандай болады

Қазақстанда 18 ақпанда ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 17:34 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының және оған қатысты атмосфералық фронттардың әсері басым болады.

"Кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын түсіп, боран және көктайғақ болуы мүмкін", — деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде, антициклонның әсері сақталғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, республиканың барлық аумағында тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: