Қонаевтағы желкенді спорт орталығы әкімдік меншігіне өтті
Сурет: Қонаев әкімдігі
Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның теңгерімінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, желкенді спорттың оқу-жаттығу орталығы қаланың коммуналдық меншігіне мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің теңгеріміне өтеусіз қабылдап алынды. Теңгерімдік құны – 31 649000 тг. Нысан Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Аумағы – 2 га, нысанның ауданы 380 шаршы метрді құрайды.
"Бүгінде Қонаевта желкенді қайық спорт түрін дамыту көзделуде. Осы мақсатта 2 жол қарастырылуда, бірі – бюджет есебінен нысанды жаңғырту болса, екіншісі – инвесторларды тарту арқылы орталықтың жұмысын жандандырып, ғимаратты жаңалау. Қазіргі таңда инвесторлардан 5 түрлі жоба түсіп, қарастырылуда", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Қала әкімі Асхат Бердіханов мәселелерді талқылау бағытында инвесторлармен, спортпен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті.
"Біздің мақсат – балалардың спортпен шұғылдануына ыңғайлы жағдай жасау. Бұған дейін көңіл бөлінбей қалғаны жасырын емес. Желкенді қайық спорты -Қонаев қаласының айнасы болуға лайық спорт түрлерінің бірі", – деді ол.
Жиын қорытындысында шаһар басшысы осы түйткілді бақылауға алуды әкім аппаратына тапсырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript