Алматыда автокөліктерге тексеріс басталды: негізгі назарға кімдер ілікті

Зима в Алматы, снег в Алматы, дорога, дороги, машины, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 13:53 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласында әкімшілік полиция бөлімшелері экологиялық және жол қозғалысы талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты профилактикалық іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі назар көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, шу деңгейіне және атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындыларға, оның ішінде қоғамдық көліктерге аударылуда.

Қаланың Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаевтің айтуынша, бұл шаралар ең алдымен құқық бұзушылықтың алдын алуға және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған.

"Мегаполистегі экология мәселесі азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына тікелей байланысты. Осыған орай біз көлік құралдарының техникалық жай-күйін, соның ішінде шу деңгейі мен зиянды шығарындылар көрсеткіштерін тексеру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізудеміз", – деді полковник Шумаев.

Оның сөзінше, катализаторсыз пайдаланылатын, дыбыс бәсеңдеткіштері алынып тасталған немесе ақаулы, сондай-ақ пайдаланылған газдардың уыттылығына және қоршаған ортаға акустикалық әсеріне ықпал ететін конструкциялық өзгерістер енгізілген көлік құралдарына ерекше назар аударылуда.

"Бұл бір реттік немесе жазалау шарасы емес. Басты мақсат – алдын алу, тәртіпті күшейту және жүргізушілер мен тасымалдаушылар тарапынан заң талаптарына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру", – деп атап өтті басқарма бастығы.

Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілерге заң талаптарын және оларды сақтамаудың салдарын түсіндіру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін Алматыда мас жүргізуші екі жол апатына себеп болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: