Алматыда көліктің айнасын тұмшалаған жүргізуші ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 16:02 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар барысында әкімшілік полиция басқармасының саптық бөлімшелерінің қызметкерлері айналасы толық тұмшаланған автокөлікті тоқтатты.

Көлікті 23 жастағы жүргізуші басқарған. Аталған құқық бұзушылық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару кезінде анықталды.

Жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданып, автокөлік қара жапсырмадан тазартылып, арнайы тұраққа қойылды. Полиция өкілдері тонировканың қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынғанын және оның жүргізуші мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін еске салды. Полиция азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және жолда қауіп төндірмеуге шақырады.

Көлікті қараңғылау талаптарының сақталуын бақылау ең алдымен қауіпсіздік мәселесі. Қараңғы әйнектер, әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында көру мүмкіндігін төмендетіп, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады. Тек өткен жылы Алматы қаласында полиция қызметкерлері 22 мыңнан астам автокөлікті қара жапсырмадан тазартты. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады. Жүргізушілерді заң талаптарын бұзбауға және өздерінің де, өзге жол қозғалысына қатысушылардың да өміріне қауіп төндірмеуге шақырамыз, – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: