Бірқатар салықтар бойынша есеп тапсыру және төлеу мерзімі 20 ақпанда аяқталады
Фото: freepik
Қазақстанда 2026 жылғы 20 ақпанда салық есептілігін (СЕН) тапсыру және жанама салықтарды төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Параграф" ақпараттық жүйесі еске салғандай, 2026 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей мынадай салық есептілігін тапсыру қажет:
- 328.00-нысан – 2026 жылғы қаңтар айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00-нысан – 2026 жылға арналған жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі.
Сонымен қатар, 2026 жылғы қаңтар айы үшін мына салықтар төленуі тиіс:
- ЕАЭО аясындағы қосылған құн салығы (ҚҚС);
- Акциздер, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша.
Белгіленген мерзімді өткізіп алмау үшін есептілікті уақытылы тапсырып, төлемдерді алдын ала жүргізу ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript