19 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы қалай өзгерді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 15:45 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 19 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,17 теңгені құрап, тағы 0,11 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,37 теңгеге дейін төмендеді (-0,04).

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде:

  • доллар 492,4–495,5 теңге аралығында,
  • еуро 578,5–583,7 теңге,
  • рубль 6,35–6,47 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда.

19 ақпанда әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті.

Сәуір айындағы Brent маркалы мұнай фьючерсі 0,9%-ға қымбаттап, барреліне 70,99 долларды құрады.

Ал сәуірдегі WTI маркалы мұнай 1,0%-ға өсіп, барреліне 65,70 доллар болды.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 489,3 теңге, еуроны 578,94 теңге, рубльді 6,38 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: