Құқық бұзушылыққа қарсы құрал: полиция дрондарды тәртіпті бақылауға қолданады

Дрон, дроны, беспилотный летательный аппарат, беспилотник, беспилотники, БПЛА, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 14:16 Фото: unsplash
Енді дрондар тек құқық бұзушылық фактілерін тіркеп қана қоймай, нақты уақыт режимінде азаматтарға заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертіп отырады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттар жарық дабыл элементтерімен және профилактикалық хабарламалар тарататын дауыс зорайтқыш құрылғылармен жабдықталған.

Бұл құрылғылар қоғамдық кеңістіктерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аулаларды және адам көп шоғырланатын учаскелерді патрульдейді.

Қоқыс тастау, қоғамдық орындарда түкіру, ұсақ бұзақылық жасау, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту секілді құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарға құқыққа қайшы әрекеттердің жол берілмейтіні жөнінде жедел түрде дауыстық ескерту жасалады.

"Біздің міндетіміз – құқық бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Дауыс зорайтқышпен жабдықталған дрондар құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және азаматтарға тәртіп ережелерін бірден еске салуға мүмкіндік береді. Бұл – қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастырып, тәртіпті арттыратын заманауи профилактикалық құрал, – деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Яғни дронды пайдалану қолжетімділігі шектеулі аумақтарды да қамтуға және қосымша нарядтар санын арттырмай-ақ бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Полиция өкілдері жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда әкімшілік құқық бұзушылықтардың санын азайтып, қоршаған ортаға және өзге азаматтарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: