Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 09:24 Фото: pexels
Қазақстан Республикасы ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы 2026 жылғы 11 ақпанда дәрілік затты медициналық мақсатта қолдануға тыйым салу және оны айналымнан алып қою туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:


"Десилмакс" дәрілік затының (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг, пішінді ұяшықты қаптамада 4 таблеткадан, картон қорапта 1 пішінді қаптама), өндірушісі – "Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед" (Үндістан), сериясы BSE92301A, жарамдылық мерзімі 07.2026 жылға дейін – медициналық мақсатта қолданылуына тыйым салынсын және айналымнан алып қойылсын", – делінген құжатта.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Хабарламада айтылғандай, препаратты айналымнан алып қоюға 2026 жылғы 6 ақпандағы "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК-ның Комитетке жолдаған хаты және 2025 жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: