Қолайсыз ауа райы: Ақмола облысында мыңдаған көлік полиция бақылауымен қозғалды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 09:32 Фото: pexels
Ақмола облысында қарлы боранда патрульдік полиция қызметкерлері 2400-ге жуық автокөлікті ілесіп алып жүрді.

Ақмола облысы аумағындағы автожолдарда қалың қар мен боран салдарынан жол қозғалысы күрделене түсті.

Көру мүмкіндігі шектелген жағдайда патрульдік қызметтер көлік құралдарын ілесіп алып жүруді ұйымдастырып, трассалардың аса қауіпті учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 2400-ге жуық автокөлікті ілесіп өткізген.

Оның 1940-ы жеңіл автокөлік, ал 460-ы жүк көлігі. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күрделі метеожағдайға қарамастан, жүргізушілер уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, полиция қызметкерлерінен ілесіп жүруді ұйымдастыруды сұраған.

Патрульдік қызметтердің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және өңірдегі автожолдарда кептеліс туындауына жол бермеу. Полиция өкілдері жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін сақтауды және жағдай тұрақталғанға дейін алыс сапарлардан бас тартуды ұсынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: