Егіншілер үшін 2026 жылғы егіс науқанына дизель отынының жеңілдетілген бағасы бекітілді

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, зерно, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2026 16:44 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 24 ақпандағы Үкімет отырысында Ерлан Ақкенженов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дизель отынының бағасы мен жеткізу кестесі бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, егіс науқанына дайындық аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету үшін келесі шаралар жасалды.

"2026 жылғы қаңтарда Энергетика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі "2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін" бекітті. Бұл кесте 1 ақпаннан 30 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды. 2025 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін дизель отынының бағасы бекіту станциясында 232 теңге/литр (ҚҚС қосылған) болса, соңғы бағасы – 254 теңге/литр болды. Бұл ЖҚБ бағаларынан 15–40% арзан", – деді министр.

Оның айтуынша, дизель отынының қозғалысына ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ету үшін арнайы PIN-кодтар енгізілді, отын сары, көк және қызыл түстерге боялды, сондай-ақ электрондық шот-фактура жүйесінде бөлек виртуалды қойма құрылды.

"Бұл шаралар мұнай жеткізушілер тарапынан мақсатты операторларға дизель отынын нақты бағытта жеткізуге мүмкіндік берді. 2023–2025 жылдары 800 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінгенде, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тарапынан нақты алынған көлем шамамен жоспардың 80%-ын құрады. 2025 жылы қосымша 60 мың тонна дизель дәнді және майлы дақылдарды кептіру үшін бөлінді. Осылайша, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге бөлінген жалпы дизель көлемі 863 мың тоннаны құрады. Жеткізу ауыл шаруашылық ұйымдарының өтініштеріне, төлем жасалуына және вагондар берілуіне байланысты", – деді Ақкенженов.

Министр жеткізу процесі министрлік бақылауында екенін және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктері үшін дизель отынының тұрақты түрде жеткізілетінін атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда бидай мен мақта көлемі жеткілікті екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: