Астанада полиция пәтер тонаған күдіктіні қолға түсірді
Фото: Zakon.kz
Тергеу барысында белгісіз тұлғаның тұрғын үйдің терезесін күшпен ашу арқылы ішке заңсыз кіріп, екі дана қара түсті Asus ноутбугын , сұр түсті Vovola ноутбугын сондай-ақ Redmi Note 11 телефонын ұрлағаны анықталды.
Аталған факті бойынша жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 1 млн 200 мың теңгені құрады. Сонымен қатар күдіктінің тағы бір эпизод бойынша пластик есікті бұзып кіріп, тұрғын үйден жылытқыш құрылғыны ұрлағаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша келтірілген шығын көлемі 15 мың теңгені құрады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Байқоңыр ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.