Қызылордада 10 жасар бала үш жылдан бері ұйқысыздықпен күресіп келеді
Фото: pexels
Қызылордалық Әлинұр Рахым ұйқысыздықтың зардабын тартып жүр. Анасының айтуынша, баласы түнде 1 сағаттан ұзақ ұйықтамайды. "Көз шырымын ала алмаған ол түнімен дөңбекшіп шығады", — дейді. Дәрігерлер оның бірнеше себебі болуы мүмкін деп отыр. Ал салдары неге әкеп соғуы мүмкін?
Әлинұр Рахым 10 жаста. Анасы: "3 жыл бұрын мазасыз күйде ұзақ жатып, көз шырымын алатын еді",- дейді. Сол кезде дабыл қағып, дәрігерлерге алып барған. Бірақ: "Барлық тексеру мен қан талдау қорытындысы жақсы",- депті мамандар. Әлинұрға тыныштандыратын дәрілер берген. Алғашында оның көмегі болғанымен, қазір 1 сағаттан артық ұйықтамайтын халге жеткен.
Бала ұйқысыздықтан әбден шаршаған. Көзі ісіп, дел-сал күйде жүреді екен.
"Ұйқысыздықтың түрлі себебі бар. Ол психикалық, неврологиялық және соматикалық бұзылыстардан болуы мүмкін. Осы 3 топтық тексеру баланың потологиялық жағдайын толық анықтап береді. Сонымен қатар қазіргі дерттің басталуы мен дамуы анамнезін жасау керек".Марина Вихновская, жоғары санатты балалар психиатры:
Ұйқысыздық көбіне қарттықпен қатар келетін. Ал мамандар қазір ұялы телефонды көп көру салдарынан бұл дерт балаларға да жабысқанын айтады.
Бұған дейін Астанада оқушылар тағы да қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын жазғанбыз.