Қазақстандықтар мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қалай ауыстыра алады - нұсқаулық

Водительское удостоверение, водительские права , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 16:20 Фото: Zakon.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі бүгін, 2025 жылғы 26 ақпанда мерзімі өткен жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қалай ауыстыруға болатындығын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 ақпанда қазақстандықтарға жағымды жаңалық хабарланды: енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады.

eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:

  • порталға кіріп, "Азаматтарға" – "Көлік және коммуникациялар" – "Автомобиль көлігі" бөліміне өту;
  • "Жүргізуші куәлігін алу" қызметін таңдау;
  • дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);
  • қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;
  • мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда "Бұрын төленген" функциясын пайдалануға болады;
  • өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.

Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі "Хабарламалар" бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы "Хабарламалар" – "Жеке кабинет тарихы" бөлімінде көрсетіледі.

Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады.

"Өтінім беру барысында кейбір жағдайларда пайдаланушы құжатының деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрландырылмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті хабарлама көрсетіледі және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке жүгіну қажет болуы ықтимал",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Тараз тұрғындарына виртуалды шындық арқылы мас күйде көлік жүргізудің салдары көрсетілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: