Қаржы министрлігі: Еліміздің транзит әлеуетін дамыту басты назарда

Контрольно-пропускной пункт , пункт пропуска, КПП, пункты пропуска, пограничная служба, пограничная зона, пограничные зоны, граница Кыргызстана и Казахстана, границы Кыргызстана и Казахстана, границы КР и РК, граница КР и РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 13:18 Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының транзит әлеуетін дамыту және кедендік инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асырып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, "Жібек Жолы" өткізу пунктінде тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін өткізу қабілеті тәулігіне 70 мың адамға, 2 мың жеңіл автокөлікке және 200 автобусқа жетті. Тұтастай алғанда, жыл соңына дейін жаңғыртылған пункттердің өткізу мүмкіндігі 5 млн автокөлікке дейін жетеді деп көзделген. Бұл туралы 26 ақпандағы Қаржы министрлігінің алқа отырысында айтылды.

"2026 жылғы тамыз айында Бас диспетчерлік басқарма ашылады. Жаңа орталық тауарлардың кеденнен өтуін бір жерден бақылауға мүмкіндік береді. Өзбекстанмен бірлесіп, "жіксіз транзит" қанатқақты жобасы іске асырылып жатыр. Жоба экспорттық және транзит декларацияларын қайта құрылымдауды автоматтандырып, бақылаудан өтуді жеңілдетіп, рәсімдеу уақытын азайтады. KEDEN жүйесі Smart Cargo платформасы мен интеграцияланды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, наурызда "Тауарлар декларациясы" модулі іске қосылады. Тың тетік экспорт, импорт, кедендік транзит, қайта өңдеуді қоса алғанда 17 рәсімді қамтиды. Бір мезетте жүкті алып кетуді растау, декларацияларды түзету және қамтамасыз етуді есептеу модульдері іске қосылады.

Бұған дейін 2025 жылы мемлекеттің бюджеті 3 трлн теңгеге ұлғайғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: