Әкімдіктерге қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салу құқығы берілді

Мусор, мусорная свалка, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 09:42 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ӘҚБтК-нің 804-бабына толықтырулар жасалып, қоғамдық орындарды ластағаны үшін көзделген 434-2-бап бойынша әкімшілік хаттама толтыру құқығы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың әкімдіктеріне берілді.

Еске салайық, қоғамдық пайдаланудағы орындарға халыққа ашық әрі қолжетімді аумақтар мен нысандар жатады.

Бұған дейін аталған бап бойынша айыппұл салу құқығы тек полиция қызметкерлеріне тиесілі болса, енді бұл өкілеттік жергілікті атқарушы органдарға да беріліп отыр. Аталған құқық бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы — 43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылады.

Жаңа норма әкімдіктерге қоғамдық орындарды, саябақтар мен скверлерді ластағаны, сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін құқық бұзушыларды жедел әрі тиімді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: