Қазақстанда сәуір айында ауа райы қандай болады
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 2 наурызда Қазақстан бойынша көктемнің екінші айына қатысты ұзақмерзімді синоптикалық болжамды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сәуір айы жылы және жауын-шашынды болады деп күтіледі".
Ауа температурасы:
- республикамыздың басым бөлігінде нормадан жоғары, еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде (Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстік-шығысында, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында) нормаға жуық болады.
Сәуір айындағы жауын-шашын мөлшері:
- нормаға жуық – республика аумағының басым бөлігінде,
- нормадан жоғары – батыс бөлігінде (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының батыс бөлігінде), республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда (Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, шеткі аймақтарда, Абай облысының оңтүстік-шығысында).
"Сәуір айына арналған егжей-тегжейлі болжам 15 наурызда жарияланады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге (3, 4 және 5 наурыз) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript