Қазақстан таеквондодан өткен беделді турнирде 11 медаль жеңіп алып, жалпы есепте ІІ-орын алды

Таеквондо, София, Болгария, Қазақстан құрамасы, 11 медаль, ІІ-орын, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 19:05 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы таеквондодан София қаласында (Болгария) өткен Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған байрақты бәсекеде Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Тоғжан Қазнабек (57 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (58 келіге дейін), Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) алтын медальға ие болды.

87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Ал Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Жанель Сұлтанғалиева (46 келіге дейін), Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Жазира Иссина (57 келіге дейін), Батырхан Кусетов (80 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте ІІ-орынға жайғасты. Ресей І-орын алса, Иордания үздік үштікті түйіндеді.

Бұған дейін отандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: