Bulgaria Open: Қазақстан құрамасы таеквондодан 14 медаль ұтты

Таеквондо, Bulgaria Open, Қазақстан құрамасы, София, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 20:37 Сурет: ҚР ҰОК
Таеквондодан Софияда (Болгария) өтіп жатқан Bulgaria Open халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің мәліметінше, алтын жүлдені Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) иеленді. Финалда ол Греция спортшысы Хараламбос Флускоунистан басым түсті.

Күміс медальді жеңіп алғандар: Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін), Бектөре Оралханов (58 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін), Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін).

Қола жүлдегерлер: Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Артур Серік (54 келіге дейін), Нұрай Қазынабек (57 келіге дейін), Камила Аймұқашева (62 келіге дейін), Аманбол Бегімбетов (63 келіге дейін), Дамир Шүленов (68 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін).

Бұған дейін Қазақстан балуандары Албаниядағы турнирде сегіз медаль еншілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: