Алматыда 4 наурыздан бастап Аvtobys төлем жүйесі іске қосылады

4 наурыздан бастап Алматының бірқатар қоғамдық көлік маршрутында Avtobys электрондық жүйесі арқылы жолақысы төлеу мүмкіндігі пайда болады., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 15:32 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
4 наурыздан бастап Алматының бірқатар қоғамдық көлік маршрутында Avtobys электрондық жүйесі арқылы жолақысы төлеу мүмкіндігі пайда болады.

Бұл туралы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Қызмет №51, 117, 219, 221, 228, 234 және 258 маршруттарында іске қосылады. Желіге Avtobys төлем құрылғыларымен жабдықталған 82 автобус шығарылады.

Жолаушылар жолақыны QR-код, Bluetooth, көлік нөмірі, NFC немесе банк картасы арқылы Avtobys мобильді қосымшасы арқылы төлей алады. Төлем бірнеше секунд ішінде жасалып, бірден расталады.

Қызметті пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery дүкенінен Avtobys қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша тіркеліп, смарт-әмиян балансын толтыру қажет.

Avtobys – Қазақстанның 20-дан астам қаласында жұмыс істейтін цифрлық төлем жүйесі. Алматыда жүйені енгізу қолма-қол ақшасыз төлем мүмкіндіктерін кеңейтіп, қалалық көлікті тұрғындар мен қонақтар үшін заманауи әрі ыңғайлы етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: