Учаскелік инспектор павлодарлық тұрғынды 6,5 млн теңге несие ресімдетпек болған алаяқтардан құтқарды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 14:43 Фото: unsplash
Павлодар облысында 6,5 млн теңгелік алаяқтық несиенің жолы учаскелік полиция инспекторының жедел әрекетімен кесілді.

Павлодар облысы Қоскөл ауылының тұрғыны Константин Пэдуриге өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, оның атына ипотекалық несие рәсімделгенін хабарлаған.

Ұзақ уақыт бойы алаяқтар ер адамды бейнебайланыста ұстап, ешкімге жүгінбеуге және тек олардың нұсқауларын қатаң орындауға көндірген.

Сондай-ақ олар оның телефоны бақылауда екенін айтып, қорқытқан. Қауіптің бар екенін аңғарған Константиннің туыстары дереу учаскелік полиция инспекторына хабарласқан.

Талғат Зайниденов өтінішке жедел ден қойып, алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесіп, заңсыз рәсімделген несиені уақытылы бұғаттауға ықпал етті.

Константин Пэдури учаскелік полиция инспекторы Талғат Зайниденовке көрсеткен кәсібилігі, мұқияттылығы және дер кезінде көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдіріп, оған зор денсаулық, амандық және қызметінде табыс тілейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: