ҰБТ тапсыратын талапкерлерге SMS-хабарлама туралы ескертілді

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 15:54 Фото: Национальный центр тестирования
2026 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға SMS-хабарлама жіберілетіні еске салынды.

"Сіздерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ өтетін күнге бір күн қалғанда таңдалған тестілеу күні, уақыты және өткізу орны көрсетілген еске салу SMS-хабарламасы жіберіледі. Яғни әр қатысушы тіркеу кезінде app.testcenter.kz сайтында көрсеткен телефон нөміріне хабарлама алады", – деп хабарлады ҰТО өкілдері сәрсенбі күні.

Сонымен қатар SMS-хабарлама кәмелетке толмаған тест тапсырушылардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданатыны айтылды.

Бұған дейін Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ басталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: