МӘМС қаржысы талан-таражға түсті: стоматология директоры күдікке ілінді

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2026 09:07 Фото: Zakon.kz
Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті (ҚМА) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 наурызда мәлімдеді:

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Жеке стоматологиялық клиникаларының директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан.

Шарт талаптарына сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген.

Алайда күдікті медициналық ақпараттық "Damumed" жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында аталған медициналық қызметтер пациенттерге көрсетілмеген.

Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.

Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды.

Келтірілген залал сомасы 66 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 млн теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 млн теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды.

Тергеу барысында күдікті 11 млн теңге көлемінде залалды өтеген.

Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: